Жарнама
Саясат

Мәжілісте – жаңа депутат

Жуырда Оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалған Жұлдыз Сүлейменованың орнына Мәжіліске жаңа депутат келді. Депутаттар қатарын толықтырған Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы фракциясының өкілі болып табылады. Ол бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ант беріп, өз қызметіне ресми кірісті.

36 жастағы Әбутәліп Мүтәлі – «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі және Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Бұған дейін ол цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласында еңбек еткен.

Айта кетейік, 29 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып тағайындалды. Осыған байланысты оның Мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған еді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: kursıv.medıa

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button