МАҢЫЗДЫ МЕГАЖОБА

«Батыс-Қытай - Батыс Еуропа» магистралi – мегажоба. Оның Қазақстан экономикасы үшiн үлкен мультипликативтi әсерi бар. Ол пайдалануға берiлгенде жүк тасымалы 3 есеге дейiн артады.

 

Жол-көлiк оқиғаларының азаяюы, қосымша жұмыс орындары мен кәсiпкерлiктiң дамуы, жүк тасымалы уақытының азаяюы және тағы басқа факторлардың әсерiнен оның жыл сайынғы экономикалық пайдасы 300 млн. доллар болады. Жүк тасымалының уақыты да бiршама қысқарады. 

Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестиция және даму министрлiгi Автомобиль жолдары комитетiнiң төрағасы Мереке Пiшембаев мәлiм еттi.

Комитет басшысының атап көрсеткенiндей, 2,7 мың шақырымдық магистральдiң қазiргi уақытта 1,8 мың шақырымы салынып бiттi. 2015 жылы Шымкент-Тараз учаскесi пайдалануға берiлген. 2016 жылы транзиттiк магистраль құрылысы толығымен аяқталады. Оның айтуынша, биыл стратегиялық маңызы бар «Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда» автомагистралін салу бойынша жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз