ХАЛЫҚ ЕЛБАСЫН ТАҢДАДЫ

26 сәуірде өткен кезектен тыс Президенттік сайлауға  сайлаушылардың жоғары ұйымшылдықпен   қатысуы қоғамдағы ерекше белсенділіктің, қазақстандықтардың саяси мәдениетінің қалыптасуының айқын дәлелі болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған бүкілқазақстандық бастама халықтың бейбітшілік пен жасампаздықты таңдау жолына жалғасты.

«Нұр Отан» партиясының XVI  съезінде Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформа»  сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Бұл тәуелсіздік жылдарында еліміз бен халқымыздың Елбасымен бірге жүрген жолының нәтижелі, Қазақстан даму жолының дұрыс бағыттағы прогресс жолы екенін дәлелдеді.

Сайлау нәтижесі барша қазақстандықтардың, өңір тұрғындарының «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын қолдайтындықтарын көрсетті. Қоғамның әлеуметтік түпбейнесінің эволюциясын бейнелеген аса маңызды тарихи күн болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстық, қалалық, аудандық қоғамдық штабтары Елбасының «Бес институционалдық» бағдарламасының өңірдің әрбір тұрғынына жетуі үшін еңбек етті.

Халық өзінің тарихи таңдауын жасады. Тұрақтылық пен тыныштықты, ертеңгі күнге сенімділікті таңдады. Елдің Елбасымен бірге екенін тағы да әлемге паш етті. Елбасының жеңісі – қазақстандық қоғамның, барша қазақстандықтардың жеңісі. Бұл Елбасының басшылығымен 24 жыл жүргізілген жүйелі жұмыстың жалғасы мен нәтижесінің көрсеткіші болды. Еліміз әлемнің дамыған мемлекеттері қатарынан лайықты орын алуға қазақстандықтардың дайындығын көрсетті. Келешектің кемел, ертеңгі күнге сенімді болу үшін халық өз қалауымен Президентін таңдады.

Бейбіт МАМРАЕВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз