Кеңөзек тұрғындарымен кездесті

131089490 3792754014109577 8143843896421387955 o Саясат

Биыл 11 желтоқсан күні күні «Nur Otan» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары  аясында Кеңөзек ауылдық округына қарасты Тасқала-3 ауылы тұрғындарымен кездесу өтті.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нәсіп Кисметуллақызы Шалабаева, Сағидолла Саламатұлы Құлғалиев, Қайырлы Нарынбайұлы Гильманов, Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов және Саламат Нұрмұханұлы Идрисов еліміз егемендігін алғаннан кейін атамекеніне ат басын тіреген қандастардың мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс-тілектерін білді.

Қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты кездесуді жаңа технологияны қолдана отырып,  ZOOM бағдарламасында өткізуге тура келді. Дегенменде кездесуге онлайн шығып, өз пікірлерін білдірген тұрғындар қарасы қалың болды.

Кездесуде үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын баяндап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. Осы кездесуге қатысқан «Атамекен» ұлттық палатасынан Асылбек Джакиев те өңірдің экономикалық дамуы, жұмыспен қамту мәселесі бойынша құнды ақпараттар берді. Өзекті сұрақтарға жауап берді. Кездесулер жалғасын табатын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз