ЕЛ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАР

Облыс көлемінде атқарылған жұмыс ауқымы өте көп. Атап айтсақ, халықты таза ауыз сумен қамту, балаларға арнап мектептер мен балабақшалар салу, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қамқорлау, спортты дамыту, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясатын ойдағыдай жүргізу, ел арасындағы діни ахуалды тұрақтандыру, құқық қорғау саласын жетілдіру және басқалары.

Қашаннан біздің болашағымыз – жастар. Олай болса, барша үлкендер – ата-аналар мен ұстаздар, оқу орындары мен ұжым басшылары – бәрі жастарды қолдауға, олардың бос жүрмей, жұмыспен қамтылуына орасан зор мән берулері керек. Облыс әкімінің есебінде жастарға қамқорлық туралы жақсы айтылды. Болашақты ойлаған басшы осындай болса керек. 

Қайрат ИЩАНОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз