Жарнама
Саясат

Ел болашағын айқындаған тарихи қадам

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың АҚШ-қа сапары – еліміздің халықаралық деңгейдегі орны мен жауапты саясатының нақты дәлелі деп есептеймін. Бұл – тек жоғары деңгейдегі дипломатиялық кездесу емес, Қазақстанның даму бағытын айқындайтын маңызды кезең болды.
17 миллиард доллардан асатын келісімдер – ел экономикасына серпін беретін нақты көрсеткіш. Бірақ ең бастысы – осы келісімдердің артында жаңа өндіріс, жаңа жұмыс орындары және заманауи технологиялар тұр. Бұл Қазақстан халқының өмір сапасын арттыруға, ауыл мен қала арасындағы теңгерімді дамытуға бағытталған нақты нәтиже.
Президентіміздің саясаты әрдайым ел мүддесіне, нақты іске және ұзақмерзімді тұрақтылыққа бағытталады. АҚШ-пен жаңа деңгейдегі стратегиялық серіктестік орнату арқылы Қазақстан энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, инновация және білім саласында мүлде жаңа мүмкіндіктерге ие болмақ.
Мен Ұлттық комиссия мүшесі ретінде бұл сапарды еліміздің әлеуметтік дамуы мен адам капиталының сапасын арттыру тұрғысынан да ерекше маңызды деп санаймын. Себебі инвестиция мен технология – ең алдымен халық игілігіне, оның ішінде әйелдердің, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға қызмет етуі тиіс.
Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сапары – Қазақстанның заманауи, ашық әрі сенімді серіктес мемлекет ретіндегі беделін нығайтып қана қоймай, ел дамуының жаңа парағын ашқан тарихи қадам болды.

Айгерім САРСЕНБАЕВА,
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі,
«Ауыл» партиясының Орталық аппараты басшысының орынбасары.
Арнайы «Атырау» газеті үшін

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button