БОЛАШАҚҚА – ҮЛКЕН ҮМІТПЕН

«Нұр Отан» партиясының тарихи маңызы зор кезектен тыс ХV съезінен кейін алдымызға биік межелер белгіленді. Қазіргі таңда әрбір ұжымда съезд шешімдерін талқылау мен насихаттау кең өріс алды. «Нұрбастау» бастауыш партия ұйымы да бұл жұмыстардан тыс қалмай, әрбір азаматқа партияның басты мұраттарын түсіндіріп, Елбасының нақты тапсырмаларын орындауға жұмылуда.

Мемлекет басшысы атап айтқандай, қоғамымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында айтылған жаңа ұлы мақсаттарға батыл қадам басты. Халқымыз қазір қол жеткізген экономикалық және әлеуметтік белестерге өткен тарихында ешқашан жеткен жоқ. Тәуелсіздігіміз жарияланып, Отанымызды дамытып, біз даму перифериясынан біржола алыстап, Еуразиядағы жаңа мемлекетке айналдық. Енді бүкіл әлемдік қоғамдастықпен біз әрдайым иықтаса жүруге тиіспіз. Мемлекет басшысы өз сөзінде ХХІ ғасырдың көшбасшылығы қандай болуы жөніндегі көзқарасын да білдірді. Атап айтқанда, «Нұр Отан» басты патриоттық күшке айналуға тиіс екенін айтты. Партияның маңызды миссиясы – «Қазақстан-2050» стратегиясында атап көрсетілгендей, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналу. Бұған қоса, партия жалпыұлттық бірліктің орталық буыны болуы қажет. Бұл тұрғыда «Нұр Отанның» халықты топтастырушы партия ретіндегі мәртебесін ескеріп, оған көпэтносты халқымыздың бірлігі үшін зор жауапкершілік жүктелді. Ол өңіраралық байланысты нығайту ісін де атқаруға тиіс.
Тағы бір негізгі міндет ретінде Қазақстан Президенті партияның азаматтық қоғамдағы көшбасшылығының маңыздылығын атады. Осы орайда, ол Азаматтық альянспен бірлескен жұмысты дамытып, адамдардың нақты проблемаларын шешетін патриоттық бағыттағы барлық үкіметтік емес ұйымдар мүддесінің қорғаушысы болғаны жөн.
Президент айтқан әлеуметтік жаңғыртудың маңызды бағыты – жастар саясаты. ХХІ ғасырда көшбасшылықтың тізгіні тек жастар белсене қолдайтын партияда ғана болуы тиіс. Ел болашағы бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан жас ұрпақтың қолында екеніне шүбәсіз сенеміз. Осы орайда Доктринада көрсетілген білім, денсаулық, жастарды қорғау мәселелерін де атап кеткен жөн. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі», – деп Елбасы айтқандай, бүгінгі жас ұрпақтың өсіп-өркендеуі, өркениетті елден өзіндік орын алуы – білім жүйесінің деңгейіне, даму барысына тікелей байланысты. Сондықтан елдігіміздің тұғырын биік көтеретін бүгінгі білім қуған жастарымызға алтын көпір болып, сапалы біліммен қаруландырып, өркениетті елдердің қатарына қосылуына бар күш-жігерімізді салуымыз қажет.
Осынау алға қойған игі мақсаттар мен асқаралы міндеттерді орындау – әрбір партия мүшесінің парызы. Сол себепті, Мемлекет басшысының саясатын қолдай отырып, «Нұр Отан» партиясының ХV съезі шешімдерін жүзеге асыру жолында ізденіс танытамыз. Алдымыздағы бес бағытты әрбір жастың жүрегіне жеткізіп, оның орындалуына баршамыз атсалысамыз.
Еліміздің болашағы белгіленген басты құжат – саяси Доктрина «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың нақты жолдарын көрсетіп берді. Мұнда қазақстандықтардың арманы мен тағдыры, үміті мен болашағы жатқанын естен шығармайық!

Нұрлыбек ДАУЫМОВ,
облыстық ұлттық гимназияның директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз