БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ – БЕЙБІТ ӨМІР

ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың облыстық сайлауалды штабтары атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

«26 наурыздан бері облыстық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовты қолдауға бағытталған шаралар өткізуде», – деп мәлім етті партияның Қызылорда облысы бойынша облыстық комитетінің жетекшісі Т.Телеубаев. Оның айтуынша, Т.Сыздықовтың сайлауалды баяндамаларында халықтар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімдікті қамтамасыз ететін жалпы адамдық құндылықтар ерекше орын алды.

Павлодар облыстық комитет жетекшісі Г.Нұғманова мәлім еткендей: «ҚКХП ұсынған ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың сайлауалды науқанының жоспарына сәйкес, сайлаушылар арасында үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Үгіт-насихат жұмыстары штаттық жоспарға сәйкес, ешқандай кедергілерсіз өтуде. Жергілікті халықпен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасын белсенді түсіндіріп жатырмыз». Сонымен қатар, Г.Нұғманова Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының тезистерін назардан тыс қалдырған жоқ. «Жеңіл ақшаның соңына түсіп, зорлық-зомбылықты ашық жарнамалап жатқан батыстық киноиндустрия мен интернет ресурстар – қазіргі батыстық теріс мәдениеттің жемісі.  Батыстың кемшіліктері, әсіресе, мәдениет саласында анық байқалады. Себебі, тұтыну, көп жағдайда, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастырады. Батыс адамы бірте-бірте адамгершілік құндылықтарын жоғалтуда. Кез келген әдіспен айналасынан ерекшеленіп, өзіне назар аудартқысы келеді. Батыстық мәдениет бизнестің бір тармағына, ал оның басты шарттары шектеулі материалдық құндылықтарға айналды», – деді ол.

* * *

ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «ҚТЖ ҰК» АҚ Локомотив ДЕПО-сы жұмысшылар ұжымымен кездесті. Кездесуді аймақтық штабтың жетекшісі, Ақмола облыстық комитетінің бірінші хатшысы Б.Д. Мажитов жүргізді. Кездесу барысында кандидат Т.Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды: «Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы марксизм-ленинизм ғылымы мен идеяларына және қоғамдық дамудың материалистік теорияларына сүйеніп қызмет атқарады», – деді ол. Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.

Кандидат Т.Сыздықовтың пікірінше, «Бейбітшілік, адамгершілік, интернационализм адамзаттың бүгінгі даму кезеңінде басты құндылықтарға айналуда. Жасампаздық және толеранттылық құндылықтары даму мен прогресстің басты жолдары ретінде әлем сахналарынан көптеп айтылуда. Әлем саясатының басты мақсаты барлық елдердің адамзат үшін бейбітшілікке ынтымақтасуын алдыңғы қатарға қойып отыр», – деді ол.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз