Ауылда атқарар іс көп…

akkistau 2002 Саясат

Қазақстан Республикасы  Парламенті мәжілісінің депутаттары – Бекболат Тілеу­хан, Бей­біт Мамыраев, Нұрлан Әбдіров, Мейрам Пішембаев, Тұрғын Сызды­қов Исатай ауданына барып, тұрғындармен кездесті.

akkistau-2001

Халық қалаулылары Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралап, өз ойларымен бөлісті. Тұрғындардың ұсы­ныс-пікірлерін тыңдап, сауал­дарына жауап берді. Зейнеткер Ғаділжан Сағы­наев ұстаздар мәртебесі туралы заң жобасы қаралған кезде білім деңгейін көтерумен бірге тәрбие жұмысын күшейтуге де ұсыныс берді. Оның айтуынша, қазіргі оқулықтардың сапасы нашар. Осы орайда, жоспарлы және жүйелі жұмыс қажет. Өз кезегінде бұған Парламент мәжілісінің депутаттары үн қосуы керек.

akkistau-2002

Ал, еңбек ардагері Жұмажан Қадимов мелекеттік грант негізінде жоғары білім алған адам міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс дейді. Өкінішке қарай, ондайлар «такси» қызметін атқарып жүр. «Екіншіден, жартысынан көп жерін шөлейтті далалар алып жатқан Исатай ауданында мал шаруашылығы бірден-бір табыс көзіне айналған. Бірақ, соңғы кездері ауыл малдары белгісіз ауруға шалдығып, жиі қырылуда. Аурудың қайдан тарағанын, яғни, этимологиясын зерттеп жатқан ешкім жоқ. Өлген малдың өтемақысы төленбейді. Сондықтан жұрт қырдан көшіп жатыр» дейді ардагер.

28672512

Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе, кезінде Семейдегі сынақ алаңында әскери қызмет атқарған азаматтар тиісті жәрдемақыдан қағылып отыр. Солардың бірі – Тұщықұдық ауылының ақсақалы Тілек Сағынғалиев. Ол жергілікті әлеуметтік бөлімнен аталған жәрдемақыны әлі алмағанын айтты. Бейбіт Мамыраев бұл мәселеге орай 15 күн ішінде толық жауабын беретінін жеткізді.

 

Аман ШАМАР.

Исатай ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз