АТЫРАУЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ

96854fhgn Саясат

С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде Amanat партиясының жергілікті филиалымен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың​ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын партия мүшелерімен талқылау, насихаттау мақсатында жиналыс өтті.

Жиналыста​ колледж директоры Бағыт Шеркешбаева Жолдаудың әрбір қазақстандықтың өмірін жақсартуға арналған нақты істі атқаратын бағдарлама, әрі бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың бағдары екенін ашып айтты.​

Жиналыс барысында жаңа экономикалық саясат, нақты секторларды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп бағдарлары ұжыммен жан-жақты талқыланды. Президент бұл Жолдауда қазақстандықтарға «Әділетті Қазақстан» құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ екендігін баса айтты.​

Осы орайда, Amanat партиясының мүшелері айтылған барлық реформалардың орындалуына, өзгерістердің табысты жүзеге асуына атсалысатындықтарын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз