Атыраулық еріктілер ұлттық нақышта медициналық маска тігуде

200317082520593e Саясат

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Атырауда еріктілер тұрмысы төмен отбасылар үшін ұлттық оюмен безендірілген медициналық маска тігуді бастады.

Бұл идеяны іске асырушы – «Assyl collection» ательесінің негізін қалаушы, сәнді киімдер дизайнері Асыл Дүзбаева.

«Дәріханалардағы маска тапшылығы туралы естіп, оны өзіміз тіксек деген ойға бекіндік. Біз барлық еріктілерді осындай іске атсалысуға шақырып, челлендж бастадық. Кешке дейін барлық тапсырысты тоқтатып қойып, кем дегенде 40 маска тігуді көздедік. Бұл –бірнеше қабаты бар, көп рет қолданылатын маска. Оны жуып, қайта қолдана беруге болады. Сондықтан, әдемі көрінуі үшін масканы ұлттық оюмен безендірудеміз» -деді Асыл Дүзбаева.

Ол дайын масканы көпбалалы отбасыларға тегін таратуды жоспарлап отыр. Ал, оны сатып аламын деушілерге қарсылық білдірмейді. Саудадан түскен кірісті қайырымдылық шарасына жұмсамақ. Көмекті қажет ететіндердің тізімін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан, әртүрлі қорлардан алады.

2003170323301060f

«Әркім бұл індетке қарсы күресті өзінен бастауы керек. Азаматтық орталықтың көмегімен маска тігу ісіне Атырау қаласындағы еріктілерді, «Іскер ана» жобасына қатысушыларды тартып отырмыз»-деді Асыл Дүзбаева.

Ал, «Іскер ана» жобасына қатысып, тігін ісіне машықтанған Әйгерім Бексұлтанова коронавирус індетінің алдын алу үшін акцияға атсалысуды парызы санайды.

«Жұқпалы індеттің зардабы ауыр екенін біліп отырмыз. Одан қорғануға сеп болар жоба туралы естіп, одан шет қала алмадым. Бұл –қоғам үшін пайдалы іс. Сол себептен, мен де өз үлесімді қосқым келді» -деді ол.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ

http://atr.kz/bez-rubriki/erlan-kүmisқaliev-mamandardyң-aқyl-keңesine-ғana-zhүginejik/

#бізбіргеміз#

#bizbirgemiz#

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз