Атырауда 14 мыңға жуық бала спортпен тегін шұғылдануда

8e8c4ebc 3767 4251 9926 b984366bdb7a Саясат

Облыста спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны өсуде. Бұл көрсеткіш бүгінгі күні жалпы облыс халқының 34,2 пайызын, яғни, 226589 адамды құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыста балалар спортын дамыту мақсатында: 17 спорт мектебі, 7 дене шынықтыру даярлығы клубы,  кәсіби клубтар жанынан  3 Академия және 2 балалар орталықтары жұмыс жасайды.

Орталықтарда барлық спорттық секциялар тегін және онда спорттың 26 түрі дамытылуда.

Қазіргі таңда, жүйелі түрде спортпен тегін шұғылданушы балалар саны 14127-ні құрайды.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Нұрсая ықшамауданындағы спорт кешенінен 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу жоспарлануда. Спорт мектебінде 7 спорт түрі бойынша 1000 бала қамтылатын болады деп күтілуде.

Еске сала кетелік, Атырау облысының спортшылары жыл басынан әлем чемпионатынан 16 медаль, Азия чемпионатынан 20 медаль, ресми Қазақстан чемпионаттарынан 700-ден астам медаль еншіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз