«Ақжолдықтар» – Құрманғазы ауданында

angkgnengenge Саясат

Елдегі іргелі партияның бірі – «Ақ жол» өзінің сайлауалды бағдарламасында республикадағы маңызды мәселелерге атсалысып, мейлінше оң шешуге ықпал ететіндерін айтады.

Әсіресе, партия экономиканы көтеру, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне үлкен көңіл бөлуде. «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасында осы аталған мәселелер кеңінен баяндалады. Әсіресе, cалықтық рақымшылық жасау, шағын және орта кәсіпкерлікті қосымша құн салығынан, корпоративтік табыс және мүлік салығынан босату сөз болады.

Сонымен қатар, партия ауыл-аймақтағы шағын кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарды да салықтан толығымен босатуды ұсынып отыр. Ал, жуырда аталған партия мүшелері облыстан шалғай жатқан Құрманғазы ауданында болып, Жұмекен селолық округының тұрғындарымен жүздесті. Аталған округтың мәдениет үйінде өткен кездесуге Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихат депутаттығына үміткерлер мен олардың сенімді өкілдері қатысты. Сайлаушылармен жүздесуде партияның саяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішев, үміткерлер Серік Ерубаев, Нұрлан Қайырденов сөз алды. Олар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сайлаушыларды толғандырған сан сауалға да жауап қайтарды. Ал, Жұмекен с е л ол ы қ о к ру г і а рд а ге рл е р ке ң е с і н і ң төрағасы Ғаділхан Қалиев өз сөзінде «Ақ жол» партиясының саяси тұжырымдамасын толықтай қолдайтынын айтты. Үлкен саяси науқан алдында аудандар мен селолық округ сайлаушыларымен жүзбежүз кездесіп жүрген «ақ жолдықтар» ауыл халқының үлкен белсенділік танытып, оның ашық өтуіне атсалысатындарына зор сенім білдірді.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз