«Алты алашқа тәж қалам»

img 20210722 wa0050 Саясат

5 маусым  күні Соқырлар  клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған бас қала – Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Алты алашқа тәж қалам» атты онлайн мерекелік сазды бағдарламасы өткізіліп, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Шарада көрермендерге Елорда туралы  мағлұматтар беріліп, клуб өнерпаздары Г.Тастанбекованың орындауында М.Түгелбаевтың «Елімнің жүрегі – Астана», А.Қоразбаевтың «Туған жерім тамаша», Б.Бейсенованың «Астана», Е.Хасанғалиевтің «Айналдым елім», Қ.Сәттіғұловтың орындауында Т.Базарбаевтың «Ауылым», Л.Сейілханованың орындауында С.Бәйтерековтың «Күнге табыну», Д.Сүлеевтің «Алматы түні», М.Сәттіғұлдың орындауында Қадір Мырза-Әлінің «Қазақ осы» әні мен Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым»  күйлері мерекелік шашу болып шашылды. Қалқаман Сариннің «Ару Астана» шығармасын Г.Тастанбекова нақышына келтіре оқып көрермен ықыласына бөленді. Онлайн көрермендер өнерпаздардың өнерлеріне алғыстарын білдіріп мерекемен құттықтады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз