Жарнама
Саясат

Адалдықтың алғашқы сабағы

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің кәсіби және этикалық құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған бірыңғай онкүндік бастау алды.

–Мұндағы басты мақсат жас мамандардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырып, қоғаммен тиімді байланыс орнату қабілеттерін жетілдіру. Осындай бастамалар мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынына жауапкершілік пен парасаттылық қағидаттарын дарытып, азаматтарға адал қызмет етудің жоғары үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді, — департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Гауһар Жарасова.

Онкүндік аясында С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің комплаенс жетекшісі, құқық магистрі Асланбек Насиев арнайы шақырылған сарапшы ретінде қатысып, 30-дан аса қатысушыға заңнама талаптарынан туындайтын құқықтық қатынастарды жан-жақты түсіндірді. Ол өз сөзінде адалдық пен ашықтықтың мемлекеттік қызметтегі басты қағидаттар екенін атап өтіп, комплаенс қызметінің тиімді тетіктерімен бөлісті.

Сонымен қатар департаменттің ұйымдастыруымен интеллектуалды платформада өткен пікірталас алаңы жас қызметкерлердің білімін тәжірибе жүзінде шыңдауға бағытталды. Интерактивті форматтағы бұл шарада қатысушылар нақты ситуациялық мысалдар арқылы шешім қабылдаудың тиімді жолдарын талқылап, өз қызметтік міндеттері мен құқықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Мұндай жүйелі жұмыс жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, саладағы әділдік пен адалдық қағидаттарына негізделген жаңа буын мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыруға жол ашады.

Майра ЕРҒАЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button