АБЫРОЙ – АДАЛ ЕҢБЕКТЕ

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалында 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын талқылау мақсатында жиын өтті.

Бағдарламаны таныстырған аудандық жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Жүгінісовсыбайлас жемқорлық мемлекеттің болашағына балта шабатынын баса айтып, онымен күрестің өзектілігіне тоқталды.

Сондай-ақ, Қиғаш селолық округі әкімінің міндетін атқарушы Шынболат Шынтемірұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Жиын сұрақ-жауапқа ұласып, ұсыныс, пікірлер де айтылды. «Адал еңбекті құрметтеу аясын барынша кеңейту қажет.   Өскелең ұрпақ үшін асыл құндылық – адал еңбекпен қол жеткізген материалдық игілік, жетістіктер мен білім болуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үдеріс тәрбиесіндегі маңызды рөл отбасында берілуі тиіс» деген қоғамдық кеңес мүшесі Ұлмекен Сапарова балалардың уақытын тиімді пайдалану үшін түрлі үйірмелер ашып, ата-аналармен бірге белсенді жұмыс жүргізу керектігін айтты. 

Руфина ТЕМІРҒАЛИЕВА,
меншікті тілші,
Құрманғазы ауданы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз