Референдум таңында Атырау қалалық перзентханасында 5 қыз нәресте өмірге келді

img 20220605 wa0109 Саясат


№80 учаскелік референдум комиссиясының төрайымы Назымгүл Бақтыгерейқызының айтуынша, 5 маусымда сағат 00.00-ден таңғы 07.00 аралығында Атырау қалалық перзентханасында 5 жас ана сәбиін өмірге әкелді.

Олардың бесеуі де қыз. Еліміз үшін саяси маңызды науқанда жас аналар да өз таңдауларын жасады. Жалпы, бүгінде перзентханада 90 ана жатыр. №80 учаскеге таңғы сағат 7.00-де Атырау қаласының тұрғыны Гаухар Бұзаубақова келіп, өз дауысын берді. Перзентхана ұжымы алғашқы саяси науқанға қатысушыға сыйлық (нәресте күтіміне арналған жиынтық) табыс етті.

  • – Мен өз балаларымның болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз, – дейді ол.

  • Гаухардың бұл үшінші нәрестесі, бұған дейін егізін осыдан 9 жыл бұрын дүниеге әкелген.
    Ал, референдум күні алғаш сәбиін атыраулық 19 жастағы ана Кәмшат Қайратова өмірге әкелді.
  • – Мен бүгін дәрігерлердің арқасында өз нәрестемді қолыма алғаныма қуаныштымын. Өз таңдауымды балаларымның болашағы үшін жасадым, – дейді ол.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз