ЖАСТАР ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде форумға қатысушы делегаттардың бір ұйғарымға келіп, сәуір айының 26-сында өтетін сайлауда Президенттікке үміткер ретінде саяси додаға түсуге өз келісімін берген Елбасы, Ұлт Көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын ұсынғандығы мәлім. Партия таңдауы – халық таңдауы. Сол себепті де, барша қазақстандықтар мұндай тарихи шешімнің алынуын батыл қадам, дұрыс шешім деп қабылдап, оған жан-жақты қолдау білдіруде. 

 

Бұл үрдіске  атыраулық жастар да өзіндік үлестерін қосуда. «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен осы мақсаттағы шаралардың тұсауы кесілді. Балықшы кентіндегі саябақ алаңында бас қосқан жастар өкілдері қолдарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен жалаушаларды ұстап, сап түзеді. Мемлекеттік Әнұранды, «Елім менің», «Көк Тудың желбірегені», «Атамекен» тәрізді патриоттық әндерді қосыла шырқады. Осылайша, олар еліміздегі көшбасшы партия өкілдерінің жасаған таңдауына, шешімдерінің дұрыстығына көз жеткізді, бұл бастаманы толығымен қолдайтындықтарына сендірді. Бұл күні алаңға шығып, флешмобқа қатысқандар негізінен қаламыздағы арнаулы орта оқу орындарының студенттері еді.

Олардың алдында атыраулық «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Ғилажев, еріктілер ұйымының жетекшісі Темірлан Қайыров, басқа да белсенділер өкілдері сөз алып, мұның бәрі де егемен елдің болашағының жарқын, келешегінің кемел, алған бағытының түзу, тұғырының мықты болуына жол ашатындығын айтты.

Дәулетқали АРУЕВ.

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы барысында этикалық нормаларды сақтау туралы ХАРТИЯ

Сөз бостандығы адамның негізгі құқығы болып табы­латынын назарға ала отырып;

ақпарат­тар­ды іздеу, алу және тарату еркіндігін жария­лай­тын Адам құқының жалпыға ор­тақ декларациясының 19-бабындағы ережелерге сәйкес;

Қазақстан Республикасы Конс­титуциясындағы сөз бостандығына және  ақпараттарды заң тыйым салмайтын кез келген әдістермен алу және тарату құқы, цензураға тыйым салу, консти­ту­ция­лық құрылысты, республи­ка­ның тұтастығын күштеп өзгер­туге үгіттеу немесе насихаттау, мемлекет тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғысты, әлеуметтік, нәсіл­дік, ұлттық, діни, таптық және ру­лық үстемдікті, сондай-ақ, қа­ты­гездік пен зорлық-зомбылыққа табыну­шылыққа тыйым салу ере­желерін басшылыққа ала отырып;

ақпараттың адам құқы мен бостандығын жүзеге асыруда, азаматтық қоғам, демократиялық және құқықтық мемлекет құруда, таза және әділ сайлаулар өткізуде айрықша  рөл атқаратынын саналы түрде түсіне отырып;

біздер, Қазақстан журналистері мен БАҚ саласындағы үкі­меттік емес ұйымдар өкілдері Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауы барысында атал­ған Хартия қағидаттарын сақ­тау­ды міндеттенеміз.

1. Бұл Хартия Қазақстан Рес­публикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Сай­лаулар туралы» және «Бұ­қаралық ақпарат құралдары ту­ралы» Заңдарына сәйкес жа­салған.

2. Бұл Хартияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың қызметтері ту­ралы бұқаралық ақпарат құрал­дарында шынайы әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамта­масыз ету болып табылады.

3. БАҚ-тар Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген барлық кандидаттардың, олардың саяси көзқарас­та­рына қарамастан, өздеріне тең­дей мүмкіндікке ие болуына ықпал ете алады және солай етуге тиісті.

4. Бұл Хартия әрбір азамат өзінің сайлау құқын жүзеге асыруына мүмкіндік алу үшін БАҚ-тарды сайлау жұмыстарын, кандидаттар мен сайлау науқанының негізгі кезеңдері, дауыс беру ресімі және басқа да мәселелер туралы кәсіби және шынайы ақпар таратуға шақырады.

5. Сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікір, қоғамдық сауалнама нәти­же­лерін жариялау барысында  аса мұқияттық таныту қажеттілігін ескертеді. 

Осыған байланысты, біздер, Қазақстан журналистері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, сайлауды көрсету кезінде мына қағидаттарды ұстана­тын­дарымызды мәлімдейміз:

1) Қазақстан Республикасы­ның заңнамаларын, журналистердің кәсіби этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін бұлжытпай сақтау;

2) сайлау тақырыбына арнал­ған барлық мате­риал­дардың объективті, алалау­сыз, ақпараттық, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлеріне қа­тыс­ты әділ болуларына ықпал ету;

3) үміткерлердің абыройы мен іскерлік беделіне, жеке басына нұқсан келтіруі ық­тимал ақпараттарды таратпау;

4) ақпарат көздерін, әсіресе, егер олар күдік тудыратын болса тексеруге алу;

5) үгіт жарияланымдары мен ақпараттық хабарламалар ара­сын­дағы айырмашылықты нақты ажырату;

6) белгіленген тәртіп пен әлеуметтік сауалнама жүргізу шарттарын ұстану, сауалнама нәтижелерін жариялау кезінде аудиторияға берілген сауалнама жауаптары тек қана болжам екенін ескерту және сауалнама нәти­же­лері туралы немесе сайлауға бес күн бұрын және дауыс беру күнгі алдын ала нәтижелер ту­ралы материалдарды таратпау.

7) Бұл Хартия өзара құрметке негізделген өзара қарым-қатынас жүйесін құруды, барлық өзара ықпалдасушы тараптардың мүд­де­лерін тану мен есепке алуды, сенімді және толық ақпаратқа сүйенген жоғары саяси мәде­ниетті қарастырады.

Хартия адамның, қоғам мен мемлекеттің жалпыға бірдей та­нылған құқықтары мен бостан­дық­тарының сөзсіз басымдығына бағытталған және саяси проб­лемаларды шешуде бір-біріне өзара жол беріп, өзара іс-қимылдың келісімдік негізін қарастырады.

 Бұл Хартия қол қоюға ашық. 

Шет мемлекеттердің, Халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Жәрдемдесу орталығының құрамдары

Мемлекет басшысының 2015 жылғы 25 ақпандағы №1018 Жарлығымен 2015 жылғы 26 сәуірге Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы тағайындалды.

Осыған байланысты Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212 мекен-жайында орналасқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің №4 оқу ғимаратында шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жәрдемдесу орталығы құрылды.

Жәрдемдесу орталығының басшысы болып Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлем тілдері факультетінің деканы Хайржанова Ақмарал Хатипқызы тағайындалды.

Жәрдемдесу орталығының байланыс телефон нөмірлері: 8 (7122) 276331, 272592.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз