ТАЛАП ТА, МІНДЕТ ТЕ АЙҚЫН

«Нұр Отан» партиясы Қызылқоға аудандық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мақсот Мұқановтың төрағалығымен жүргізілді.

Саяси кеңес отырысының күн тәртібіне «Нұр Отан» партиясы ХV съезінің шешімдерін жүзеге асыру, Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау туралы» мәселесі ұсынылып, бұл жөнінде аудан әкімі баяндама жасады.
– Алдағы уақытта да аудандағы барлық бастауыш партия ұйымдары мен партиялық бақылау бекеттері, депутаттық фракция мүшелері жергілікті жерлердегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалысын, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалау жұмыстарын белсенді түрде жалғастыра беруі қажет деп есептеймін. Аудандық партия филиалы жанындағы саяси кеңес мүшелері мен депутаттарға Елбасы тапсырмаларын уақытында орындап, белсенді жұмыс жасауды тапсырамын, – деді ол.

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз