ШУАҒЫН ШАШҚАН «НҰРШУАҚ»

Жаңа оқу жылынан бастап Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында «Нұршуақ» балабақшасы есі-гін айқара ашып, бүлдір-шіндерді қабылдап, ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Қазіргі таңда мұнда 236 балғын қабылданып отыр.

 

«Нұршуақ» балабақшасының басшысы Бақытжамал Жұмабаеваның әңгімесіне қарағанда балабақшада он топ бар.
Қазіргі таңда әрбір топқа екі тәрбиешіден алынған. Балабақшада 20 педагог тәрбиеші жұмысқа қабылданған. Олардың 11-і Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжде білім ал-ғандар екен. Психолог, әдіскер, дене шынықтыру пәнінің нұсқаушысы, музыка жетекшісі, бейнелеу өнері мұғалімі, ағылшын, орыс тілі пәндерінің оқытушылары еңбек етуде.
Мекемеге бұрын жұмыссыздар қатарында аудандық жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған 58 село тұрғыны арнайы жолдамамен жұмыс-қа қабылданған.

Мағрупа ҚАЗИХАН,
Қызылқоға ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз