ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

«Нұр Отан»  партиясы  Махамбет  аудандық  филиалының ХІХ  кезектен тыс конференциясы өтіп, онда Елбасы жариялаған «5 реформа және 100  қадам» Ұлт  жоспарын жүзеге  асыру  барысы туралы талқыланды. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалына жаңа төраға сайланып, партияның аудандық филиалының саяси  кеңесі құрамына өзгеріс енгізу туралы да мәселелер қаралды.

 

Елбасының «5 реформа  және 100  қадам» Ұлт  жоспарын жүзеге  асыру  барысы бойынша аудандық  мәслихат  хатшысы Асқар Құрманбаев хабарлама жасап,  мемлекеттік маңызды реформаны жүзеге асыру жөнінде өз ойын жеткізді.

Конференцияда партияның Махамбет  аудандық  филиалы  төрағалығына Махамбет ауданының әкімі Әлібек Нәутиевті бірауыздан лайықты деп тапты.

Шара барысында  аудандық  филиалдың  жоғары  өкілетті органы – саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, ұсынылған  мәселелер  толықтай  қаралды.  Конференция  жұмысына «Нұр Отан» партиясы  Атырау  облыстық  филиалы  төрағасының  бірінші  орынбасары Ерболат Бектеміров,  Атырау  облыстық  партия филиалы саяси кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Әлия Бекқожиева, Атырау облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Сайын Қуанышев қатысып, Президент сайлауы кезінде белсенді қызмет атқарған бір топ азаматты Алғыс хаттармен марапаттады.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының баспасөз хатшысы Жаңылсын Қадырғалиева хабарлағандай, облыстық партия ұйымының басшылары «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қайролла Досқалиевтің шаңырағында болып, ардагерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады.  Іссапар барысында халық қалаулылары  аудандық медицинаның жай-күйімен танысу мақсатында ауруханаға арнайы барып,  дәрігерлермен кездесті.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз