ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР ЖЫЛЫ

Өңірде жүзеге асып жатқан іргелі жобалардан Атырау жұртының бүгінгі хал-жағдайын, тынысын сезіп отырғанымыз айқын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын тиянақты орындап, «Ұлт жоспарына» өз үлестерін қосып жатырған Ақ Жайықтың бойын жайлаған елдің атқа мінген азаматтары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін ретімен шешуде.

Облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуы тұрақты. Инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа өндірістерді қатарға қосу, мұнай-газ өндіру көлемін арттыру үшін көп жұмыстар атқарылғанының куәсі болдық. Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан он жобаның аймақ халқына берері мол екені түсінікті. Олардың игілігін ел-жұрт осы бастан көріп жатыр. Мәселен, «Алмалы құс» ЖШС өндірген жұмыртқа өнімі жұртшылық көңілінен шығуда. «СП Первомайский» ЖШС-дегі сүт өңдеу, қышқыл-сүт өнімдерінің өндірісі кешенінің қуатын арттыруға бағытталған жұмыстарды да қолдаймыз. Өйткені, ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің маңыздылығы артып келеді.

Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікке кең жол ашып, оларға да қаражат бөліп, мемлекеттік грант алуына жағдай жасалуда. Осының бәрі – Елбасының тапсырмалары. Ауыл кәсіпкерлерінің арзан несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жергілікті бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінуі де – осы саланың дамуын жеделдететін аса бір құптарлық іс.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз