ӨҢДЕУШІ СЕКТОРҒА – ӨРІСТІ ҚАДАМ

Сабыржан СҰЛТАНОВ,«Құрманғазы» өндірістік кооперативінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты, (Құрманғазы ауданы):

Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласында бұрын-соңды болмаған жұмыстардың жасалғанын баяндады. Бұны бәріміз де құптаймыз.

Облыстағы он асыл тұқымды мал шаруашылығының бірінен саналатын біздің «Құрманғазы» өндірістік кооперативі де осы үрдіске ілесіп, оң нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Бүгінгі таңда мұнда 12,5 мың бас еділбай қойы, 300 түйе мен 100 жылқы бағылуда. Ұжымда еңбек ететін 130 адамның 40 пайызын жастар құрайды. Еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы ұдайы назарда ұсталады.

Кейінгі кездері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен бірге өңдеуге де көбірек көңіл бөлініп келеді. Атырауда түйе мен қой жүнін өңдеп, одан дайын өнімдер шығаратын фабриканың құрылысы аяқталып келе жатқаны бізді қуантып отыр. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз