МЕДИЦИНА АРДАГЕРІНІҢ МЕРЕЙЛІ СӘТІ

Мұнайлы өлке медицинасының дамуына сүбелі үлесін қосқан Хайролла Қалжігітов сексеннің сеңгіріне шықты. Мерейгерді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдап, шынайы құрметін көрсетті. 
- Еліміздің денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек еткен аса белгілі жандардың бірісіз. Атырау өңіріндегі әрбір отбасы Сізді біледі, сыйлайды десем, артық айтқандығым болмас. Өйткені, облыс медицинасының дамуы өзіңіздің есіміңізбен тікелей байланысты, бүгінгі білікті дәрігерлер Сіздің шәкірттеріңіз екенін жақсы түсінеміз,-деп сөз бастаған аймақ басшысы мерейтой иесін облыс әкімдігі атынан құттықтап, алғысын білдірді. Ізгі тілектерін арнаған ол естелік сыйлықтар мен гүл шоғын табыс етті.

Өңір басшылығы тарапынан осындай құрметке ие болған Хайролла Қалжігітов те ризашылығын білдірді. 

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз