Интернет-конференция: ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРҚЫН ДА, САПА ДА КЕРЕК

Мұнайлы өлке бүгінде алып құрылыс алаңына айналды. Бұл салада атқарылып жатқан істер де көп, қордаланып қалған көкейкесті  жайлар да аз емес.

Тұрғындарды мазалаған түйткілді мәселелерге жуырда облыстық құрылыс басқармасының басшысы Елтай Ғалымжанов интернет-конференция өткізіп,  жауап берген еді.

- Атырау қаласының Ақжайық селосындағы Отаралиев атындағы орта мектеп апатты жағдайда тұр. Білім ордасының тозығы жеткен, оқушыларды қабылдауға жарамсыз. Жаңа мектеп қашан салынатынын білгіміз келеді.

Айгүл КЕНЖЕҒАЛИЕВА.

 

alogo1223333334Бүгінгі таңда «НКПОК» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар бағдарламасы аясында Ақжайық селосындағы М.Отаралиев атындағы 120 орындық орта мектептің құрылысына жобалау-сметалық құжаттары жасақталу үстінде. Құрылысы 2014 жылға жоспарланып отыр.

– Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосының тұрғындары сырқаттана қалса, жанына ем іздеп баратын дәрігерлік амбулатория ғимараты тым ескірген.  Сондықтан, бұл бағытта қандай жұмыстар жоспарланғандығын білгіміз келеді.

Зиза САРКИТ.

Мұқыр селосына жаңа жанұялық дәрігерлік амбулатория ғимаратын салу жоспарлануда, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Құрылысын салу 2014 жылға жоспарлануда.

– Атырау қаласы Бейбарыс даңғылында (Алмагүл мөлтекауданы) салынып жатқан «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы салымшыларына берілетін тұрғын үй құрылысы тұралап қалды. Неге халыққа берген уәдені уақытында орындамай отыр? Негізінен бұл, осы жылдың ІІІ тоқсанында тапсырылуы тиіс еді. Құрылыстың аяқталмауына не себеп, бақылау мен басшылық қайда қарап отыр? Жауапты тұлғалардан жауапкершілік сұралмай ма? Нақты қашан бітеді?

Гүлнар ИСМУРЗИНА.

Аталған тұрғын үй құрылысы, расында, да созылып кетті. Бұл жағдай – құрылыс басқармасының бақылауында. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға беріледі.

– Атырау қаласындағы моншаның құрылысы өткен жылдан бері тоқтап тұр, енді осылай ескерткіш болып тұра бере ме? Жұмыс қашан басталып, аяқталады?

ДАНИЯР.

– Рас, монша құрылысы 2012 жылы мердігер мекеменің жауапкершіліктен жалтаруынан тоқтап қалған болатын. Биыл нысанның жобалық-сметалық құжаттары толықтай түзетіліп, құрылысқа мердігер анықталып, жұмыс басталды. Жаңа монша келесі жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

 Әзірлеген 

Айбөпе  САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз