Бірнеше меморгандар басқарудың автоматты жүйесіне көшеді

20190131141209 Жаңалықтар

2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 3 министрлік пен 3 облыстың әкімдігі қызметкерлерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін іске қосады.

20190131141209

Бұл туралы бүгін «Ұлттық мемлекеттік қызмет персоналдарын басқару орталығы» АҚ-ның бас директоры Бану Нұрғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің басшысы ведомстводағы кадрлық іс жүргізуді орталықтандыру туралы шешім қабылдаған. Соның нәтижесінде персоналдарды басқарудың автоматтандырылған бірыңғай қызметі құрылған. Жобаны жүзеге асыру үш кезеңге жоспарланған. «Бірінші кезең – өткен жылдың сәуірінен желтоқсанға дейін кезеңде агенттік басасында жобаны енгізу. Ілкі жоба енгізілгенге дейін агенттік пен оның 16 аумақтық бөлімшесінде кадр қызметінің 28 қызметкері болған. Ал жалпы қызметкерлері саны – 826 бірлік. Яғни, бір адам орташа есеппен 29 адамға қызмет көрсеткен. Жоба аясында 28 кадр қызметкерінің 25-і оңтайландырылды. Бүгінде агенттік персоналдарын басқару қызметінде орталық деңгейдегі 3 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді. Ал агенттіктің кадрлық іс жүргізу өндірісі біздің орталықтың 2 қызметкерімен қашықтан жүзеге асырылады. Осылайша, бүгінгі күні орталықтың бір операторы агенттіктің 413 қызметкеріне қызмет көрсетеді», – деді ол. Б.Нұрғазиеваның сөзіне қарағанда, қызметкерлерді басқарудың автоматтандырылған қызметі жобасын енгізудің екінші кезеңі 2019 жылдың қаңтары мен 1 шілдесі аралығында жүзеге асырылады. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар, Қоғамдық даму министрліктері, Астана қаласы, Атырау мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері аталған жобаны енгізетін болады. Айта кетерлігі, бұл жобаны іске қосуға Энергетика, Ұлттық экономика, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, Павлодар мен Маңғыстау облыстарының әкімдіктері де қызығушылық танытып отыр. «Үшінші кезең – 2019 жылдың 1 қаңтарынан барлық мемлекеттік органдарда персоналдарды басқарудың автоматтандырылған бірыңғай қызметі жобасын тарату», – деді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз