БІЗДІҢ ЖОБА – ӘЛЕМГЕ ҮЛГІ

«Мүлікті сату жөніндегі электронды сауда-саттық» қазақстандық жобасы «Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғары дәрежедегі кездесудің үздік жобалары 2015» халықаралық байқауында әлемдегі ең үздік жоба деп танылды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов хабарлады.

 

«Бұл іс-шара жыл сайын осы жылы 150 жылдығын тойлаған «Халықаралық электр байланыс одағымен» өткізіледі. 2015 жылы 18 санат бойынша байқауға әлемнің 70 елінен 303 жоба ұсынылды. Олардың алтауы Қазақстан Республикасынан берілді. Солардың ішінде «Ақпараттық-есеп орталығының» gosreestr.kz» мемлекеттік мүлік тізілімінің web-порталында іске асырылған «Мүлікті сату жөніндегі электронды сауда-саттық» жобасы», – деп атап өтті Жанасыл Оспанов.

Қазақстаннан басқа байқауда «C6 Enabling Environment» (Қолайлы орта) санаты бойынша он елдің, соның ішінде Ресей Федерациясы, Польша, Сингапур, Колумбия, Мексика, Сауд Арабиясы, Кувейт жобалары қатысты.

Спикер халықаралық қазылар алқасы мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі сауда-саттықты барынша ашық ететін платформаның тиімділігін, қолайлылығы мен қолжетімділігін жоғары бағалағандығын қосты. Осының нәтижесінде қазақстандық жоба халықаралық байқауда жеңіске жетті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл байқау ІТ-технологиялар және телекоммуникациялар аясында «Оскар» киносыйлығына пара-пар саналады және бұл жердегі жүлделер бүкіл әлемде беделді әрі танымал болып табылады.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз