БАЛЫҚШЫЛАР ОЛЖАСЫ

«Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінен алынған мәліметтерге қарағанда Жайық өзені бойынша 14, Қиғаш өзені бойынша 24 (сағалық кеңістіктерді қоса алғанда) балық шаруашылығы учаскесі бекітіліп берілген. Осылайша, барлығы қырыққа жуық тартымда қазіргі таңда 20 балық шаруашылығы субъектісі су маржандарын сүзу және оны өңдеу жұмыстарымен шұғылданады.

alogo1223333334Биылғы жыл басынан бері Жайық өзені бойындағы тартымдардан 2385,5, Қиғаштан 2004,8, ал Каспий теңізінен 4350,9 тонна балық ауланған. Есепті мерзімде осы саладан облыстық бюджетке түскен қаржы көлемі – 178 406 938 теңгені құраған.
Білгеніміздей, күзгі маусым Қиғаш пен Жайық өзендерінде 16 тамызда, Каспий теңізінде 1 қыркүйекте басталған. Бүгіндері қос өзен мен теңіз жағалауында балық аулаумен айналысатын шаруашылық субъектілерінде барлығы 2300-ден астам адам еңбек етіп жатыр.
Балық қорын қорғау, оның заңсыз аулануына жол бермеу бағытында межеленген жұмыстар да пәрменді жүргізілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз