БАҚТЫБЕК ТАУБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: «ИНТЕГРАЦИЯ – ЗАМАН ТАЛАБЫ»

1. «Егер Еуразияны Америка алмаса, ол ұлы мемлекетке айнала алмайды» деген әйгілі теорияның не себепті туындағанын білесіз бе? Себебі, Еуразия кеңістігі – барлық адами, табиғи ресурс шоғырланған ірі орталық.  Сондықтан, біз Еуразия кеңістігін біріге отырып игеруге тиіспіз. Ал, Еуразиялық Экономикалық  Одақ ел экономикасына не береді деген мәселеге келсек, ендігі жерде дайын өнімдерді экспорттауға жұмсалатын шығындардың айтарлықтай азаюының арқасында тауарлардың бағасы төмендейді. Екіншіден, жалпы рынокта бәсекелестікке ынталандыру күшейтіледі.

2. Бір қарағанда, бұл біздің кәсіпкерлеріміз үшін шешуі жоқ мәңгілік мәселе болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялар, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында беріліп жатқан несиелер көп жағдайда отандық өндірістің өрісін кеңейтуге жол ашып отыр. Қазақстандық өнімдерге, әсіресе металлпластикалық өнімдерге, мұнай-газ өнімдеріне одақтас елдер тарапынан қашанда сұраныс болып келді. Бірақ, жеңіл өнеркәсіп жағынан мақтана алмаймыз. Егер осы салаларда біздің өнімдеріміз отандық тұтынушылар сұранысын толық жауып отырса, әрі сапасы жоғары болса, мақтаулы өнімдердің шетел асуына ешкім кедергі бола алмайды.

3. Жалпы, басқа елдермен осындай экономикалық байланыс болмаса, жаһандану дәуірінде лайықты өмір сүру мүмкін емес. Біз Еуразиялық кеңістікті үлкен мемлекеттің бірі ретінде игеруге тиіспіз. Болашақта осыған байланысты түрлі заңдар қабылдануы мүмкін. Сол кезде ұтылып қалмауға күш салу керек. Ал, енді сіз қойған сұраққа нақтырақ жауап берер болсам, таяу арада Астанада  үлкен жиын өтеді деп күтілуде. Оған Порошенкодан бастап, Франция, Германия, Ресей сынды мемлекеттердің басшылары қатысады деп күтілуде. Сол жиында арағайындық қатынас мәселесі реттелмек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз