ЖАҒДАЙЫҢ ҚАЛАЙ, МАХАМБЕТ АУЫЛЫ?

doroga 870x400 1 СарапTime

ЖУЫРДА ҒАНА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН ЕКІ БІРДЕЙ АУЫЛДЫҢ ЕЛІМІЗ БОЙЫНША ҮЗДІК 30 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ ҚАТАРЫНАН ТАНЫЛҒАНЫ ЖҰРТШЫЛЫҚҚА МӘЛІМ. ОНЫҢ БІРІ – ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДАҒЫ ШОҚПАРТОҒАЙ АУЫЛЫ ЖӨНІНДЕ ГАЗЕТТІҢ ӨТКЕН САНЫНДА ЖАН-ЖАҚТЫ СИПАТТАСАҚ, БҮГІН МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ – МАХАМБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ХАЛ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫРМАҚПЫЗ.

Ауылдың атауы да шежіре-сыр

Р а с ы н д а д а , қ а з і р г і М а х а м б е т т і ң а й м а қ т а ғ ы бірден-бір ажары айшықты, келбеті келісті, ғимараттары айрықша сəулетті, тыныс-тіршілігі қалыпты, өркендеп өскен, өркениетке қадам басқан, тұрғындары мəдениетті ауыл екені аңғарылады. Айнадай жарқыраған, тақтайдай тегіс тасжол, əдемі де əсем үйлер, көліктің қозғалысын реттеп, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдаршамдар, ауылды айнала жайқалған «жасыл белдеу», жұпар ауа – барлығы да бір кездегі Жаманқала, бүгінгі Махамбеттің қай жағынан да көп ауылдан көшілгері, оқ бойы озық тұрғанын айғақтағандай. Өткенге қарасақ, бұл ауылдың іргетасы қашан қаланғанын дөп басып айту қиын. Көнекөздер шамамен ХІХ ғасырдың 20-30- шы жылдарына апарып телиді. Ауылдың негізін салушылар осы өңірдің казак-орыстары екен. Сол кезде Жаманқала (Яманка) станицасы Орал казак əскерінің үшінші Гурьев əскери бөлімінің құрамына кірген. Десек те, елді мекеннің атауына қатысты пікір əртүрлі. Солардың ішінде ең көп тараған нұсқасы – мұнда үлкен шұңқыр болған, содан келіп станицаның атауы пайда болыпты. Бірақ, мұның да шындыққа жанасар жері аз, тегінде қазақтың «жаман» деген сөзінен шыққан деген де жорамал бар. Бұл мекен «жергілікті тұрғындардың бəріне бірдей ұнамаған, сондықтан солай аталып кеткен» болуы да мүмкін. Қалай десек те, дəл осы жер бізге Яманка (Жаманқала) болып жетті. Сақталған архив құжаттары бойынша 1839 жылы ондағы халықтың саны 291 адам екен. Ал, 1928 жылы Бақсай ауданы болып құрылған аудан орталығына 1963 жылы Махамбет есімі берілген.

Бүгінгі келбет ертеңге жетелейді

«Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, жағалай жатқан сол елге мал толтырсам д е п е д і м » д е п ж ы р л а ғ а н Махамбет бабамыздың өзі өмірден өтсе де, асқақ арманы орындалды. Ол осы күнге дейін ұрпақтарын аруағымен қолдап, арада ғасырлар өтсе де рухының өлмейтінін сездіріп, желеп-жебеп келеді. 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы аясында елінің де оған деген құрметі салтанат құрғанына куəміз. Республика көлемінде тойланған осынау мерейтойлық шараның шеңберінде көптеген игілікті істер жүзеге асты. Облыс пен аудан орталығын байланыстыратын «Атырау-М а х а м б е т » т а с ж о л ы асфальттанды. «Исатай-Махамбет» мешіті, жаңа музей, басқа да сəулетті ғимараттар мен əлеуметтік-мəдени нысандар бой көтерді. Əрине, батыр əрі ақын бабамыз, түрлі дереккөздерге сүйенсек, жолдастарымен бірге Жаманқаладан қашық емес жердегі Қаражал мекенінен өзеннен өткені белгілі. Ал, ауылдың жаңа тынысы оған ұлы баба есімінің берілуімен байланысты ашылды. Бүгінде Махамбет – 13200- ге жуық тұрғыны бар аудан орталығы. Мұнда бірнеше ұлттың өкілі бір үйдің баласындай ынтымақ пен татулықта өмір сүріп, еңбек етуде. Олар «Жаңа Қазақстанды» бірлесе құруға үлес қосып, ортақ мақсатқа жұмылған. «Бізде жұмыссыз жүрген адамдар жұмысқа орналасатын, көп мөлшерде бюджетке салық түсімдерін аударатын өндіріс ошақтары жоқ. Сондықтан да шығар, адамдары бардан нар жасайтын еңбекқор, қандай өзгерісті де жатсынбайтын жаңашыл жандар», – дейді махамбеттіктер.

«Сиырдың сүті – тілінде»

Махамбет ауданы – əу бастан облыстағы аграрлы өңірлердің бірі. Аудан орталығының өзінде 30-дан астам шаруа қожалығы бар. Жылдан-жылға мұнда төрт түліктің саны көбейіп, өнімі молайып келеді. Мысалы, биыл жылдың басында сиыр саны 3774, ұсақ жандық 9352, жылқы 1649, түйе саны 564-ке жетті. Əсіресе, Ойсылқара тұқымы былтырғыдан екі еседен артық (259) өскен. Өңірде атакəсіппен қатар егіншілік те өркен жайған. Соның куəсіндей, диқаншылықпен шұғылданатын шаруашылықтың саны 220-ға жуықтаса, егістік жер көлемі 7200 гектардан асып отыр. Бүгінде «Первомайский», «Атырау Агро өнімдері», «Қызанақ Агро» жəне «Темірлан Агро» серіктестіктері күллі облысқа танымал құрылымдар. – Биылғы жоспар бойынша е г і н н е н б а р л ы ғ ы 7 6 4 0 0 тоннадан артық көкөніс жəне бақша өнімдері жиналуы тиіс. Қазіргі шығымына қарағанда, діттеген межеден көрінеміз деген үміттеміз, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары жəне кəсіпкерлік бөлімінің бас маманы Азат Қапанов. Атап айтарлық жайт, көкөніс[1]бақша дақылдары өсірілетін алқаптың дені тиімділігі жоғары технология – тамшылатып суару əдісімен баптап-күтіледі. Дəстүрлі суландыру тəсілі негізінен екпелі мал азықтық д а қ ы л д а р ғ а ( к ө п ж ы л д ы қ жоңышқа, беде жəне жүгері) қолданылады.

– Қазір бізге пайдаланылған су мен тыңайтқыш, басқа да шығындарды өтеу мақсатында берілетін субсидияға байланысты 10 өтініш түсті. Өз тарапымыздан қажетті құжаттарды жинақтап, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жібердік. Қалғаны – сұранысқа сай қаржының бөлінуі, – деп жалғастырды бас маман.

Біз шаруа қожалықтарының біріне ат басын бұрып, оның тыныс-тіршілігімен таныстық. «Отбасы» шаруа қожалығының теңгеріміндегі 92 гектар егістік алқабында тұтынушылардың жоғары сұранысына ие дақылдар (қарбыз, қауын, картоп, сəбіз, пияз, т.б.) өсіріледі. Біз барған сəтте жұмысшылар алғаш піскен қырыққабатты жинап жатыр екен.

– Былтыр өз малымыз ү ш і н ж е м – ш ө п т і с а т ы п алдық. Жасыратыны жоқ, айтарлықтай қымбат. Осыны ескеріп, мал азығын өзімізден д а й ы н д а у м а қ с а т ы н д а биыл көпжылдық жоңышқа дақылын ектік. Алқаптың бір бөлігі жаңбырлатқыш агрегаттың күшімен суарылса, қалғаны тамшылатып суару технологиясымен күтіледі. Өнімдеріміздің тұтыну бəсі де базардағыдан əлдеқайда төмен, – дейді қожалық басшысы Қайрат Батырбеков.

Шаруагердің сөзіне қарап, біздің ойымызға «Сиырдың сүті – тілінде» деген бабалар сөзі оралды. Қай кезде де адал еңбектің наны тəтті болары сөзсіз.

Кәсіпкерлікке – кең өріс

А у д а н о р т а л ы ғ ы н ы ң т ұ р ғ ы н д а р ы а у ы л шаруашылығынан нəпақа тауып қоймай, ауыл базары, үлкенді-кішілі дүкендер, шаштараздар, а в т о с е р в и с т е р , ө з г е д е кəсіпкерлік нысандарын ашып, сол арқылы ауылдастарына қызмет көрсетеді. Біз барып көрген «Дəулет» жеке кəсіпкерлігінің иесі Армангүл Жұмағұлова 2019 жылы «Даму» кəсіпкерлікті д а м ы т у қ о р ы н а ө з і н і ң бизнес жобасын ұсыныпты. Жоба бірден қолдау тауып, қаржыландыру ұйымы оны іске асыруға мүмкіндік жасаған. Ол үшін банктен 2 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алыпты. Бүгінде Армангүл жүнді бастапқы өңдеуден өткізіп, одан көрпе тігетін санаулы ісмер-кəсіпкерлердің б і р і . Б і р т і н д е п қ а ж е т т і жабдығын сатып алуға да қол жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, ол малдың еті мен сүтін ғана емес, жүнін де кəдеге жаратуға болатынын маңдай терімен дəлелдеп отыр. Осылайша, ауылдағы шағын цех мол сұранысты қанағаттандыруда. Бұл тек бір ауылда емес, аудан бойынша кəсіпкерлікті өркендетуге кең өріс ашылғанын аңғартады.

Игіліктің бастауы

Махамбет ауылында бүгінде орта білім беретін 4 мектеп (оның біреуі гимназия) жəне ақыл-есінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернат, 7 балабақша, 3 кітапхана, балалар өнер мектебі, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі, емхана жəне 2 селолық дəрігерлік амбулатория (оның біреуі – 30 кереуеттік ауруханаға бейімделген) жұмыс жасайды. Ауыл түгелдей көгілдір отынды тұтынғалы да ондаған жылдың жүзі өтті. Таза ауыз су, электр энергиясы жəне телефон байланысымен жабдықталған. Əсіресе, ұялы байланыс пен ғаламторда қапы жоқ. Соның арқасында халыққа қызмет көрсететін орындар сервистік қамтуға көшкен. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға дағдыланған тұрғындар бұрынғыдай қалаға жүгірмей-ақ, үйінде отырып-ақ кез келген шаруасын үйлестіретін болды. «Ашық əкімдік» жүйесі, « А з а м а т т а р ғ а а р н а л ғ а н үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы, сондай-ақ, кəсіпкерлер үшін «Бизнес-инкубатор» кеңсесі тұрғындармен тығыз байланыс орнатқан.

Жастар еңбектен қашпайды

А у д а н д а ж а с т а р санатындағылардың (14-29 жас) саны 7 мың адамға жуықтайды. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ақжол Қонысбаевтың айтуынша, осы мекеме арқылы жастардың кəсіппен шұғылдануына, жаңа мамандыққа даярлануына, өмірлік бағыт-бағдар алуына, қиын жағдайлардан жол тауып шығуына қажетті кеңестер беріліп, көмектер көрсетіледі. Осында жастар еріктілер қозғалысына үлес қосып, кəсіпкерлік мен заңгерліктің əліппесін үйренеді. Тек биылдың өзінде ауданда «Жасыл ел» жобасы бойынша 175 адамға квота бөлінген. Сөйтіп, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары өздеріне бөлінген телімдерде еңбек етіп жүр, олар негізінен аудан орталығына шоғырланған. Ал, волонтерлердің бір тобы «Ардагерлерімізді ардақтайық» жобасы арқылы тұрақты жұмыс жасайды. Ауылдағы қарттардың барлығы дерлік солардың қамқорлығында. Əркез олардың мұң-мұқтажына құлақ асып, қолұшын созып отырады.

Сергектікті қалайтын ауыл

Бұқаралық спортты дамытып, жастардың бос уақытын тиімді əрі көңілді өткізуіне бағытталған іс-шаралар да жастардың ұ д а й ы ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н өтеді. Махамбет ауылындағы екі спорт кешенінің біреуі əлі күнге толыққанды жұмысына кіріскен жоқ. Соған қарамастан, а у ы л х а л қ ы қ о л д а ғ ы б а р м ү м к і н д і к т е р д і ұ т ы м д ы пайдаланып, ауыл спортын дамытуға белсенді атсалысып келеді.

– Жарты ғасырдан астам уақыттан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан аудандық балалар мен жасөспірімдер с п о р т м е к т е б і н е н т а л а й саңлақтар түлеп ұшты. Олардың арасында түрлі спорт саласының шеберлері мен үміткерлер, талай тартысты додаларда топ жарған жеңімпаздар да аз емес. Қандай қиын болса да, ел ағаларының қ о л д а у ы н ы ң н ə т и ж е с і н д е қалыптасқан дəстүрді лайықты жалғастырып келеміз, – дейді спорт мектебінің əдіскері Сəдуақас Тəжбентаев.

  • Сайып келгенде, баяндалғанның бəрі əр қазақтың алтын бесігі, түп тамыры болып есептелетін ауылдың мерейін үстем етіп, мəртебесін биіктетер жайттар екені түсінікті. Бастысы – көкейде ел бірлігін нығайтып, ұрпақтың ұйысуының негізгі кілті еңбекқорлықта екенін түсінер уақыт жетті. Əйтпесе, алтау ала болса, ауыздағы кететініне тарихта тың дəлелдер жеткілікті. Ал, төртеу түгел болғанда ғана төбедегіні қолға ұстап отыруға боларын атам қазақ əлімсақтан дəлелдеп кетті емес пе?! Мызғымас достықтың символындай махамбеттіктердің тұрмысына тəуба деп аттандық ауылдан…

Дайындағандар: Қайрат САТАЕВ, Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз