Ауылға қашан көңіл бөлеміз?

prara 1 СарапTime

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында біраз жетістікке қол жетті. Халықтың німдерге талабы мен талғамы артқан сайын агрокешен алдына қойылатын міндет те жоғарылай түсті. Алайда, шешімін күткен проблемалар аз емес.

Ата кәсіпке бетбұрыс

Халқымызда «Жылдан жылға жылыңды сағынарсың» деген мақал бар. Оған бұрын онша мəн бермейтін едік. Нарықтық қатынысқа көшкелі бергі жағдай оның мəн-мағынасын айқындай түскендей. Еліміз егеменді ел болғаннан кейінгі кезеңде мұнай мен газ игеруді қолға алып, оларды өңдеуді, сату жолда-рын жақсы меңгеріп, ел экономикасының негізгі драйверіне айналдырдық. Егін шаруашылығында айтарлықтай жұмыстар жасалды.

Дегенмен, өзіміздің ата кəсібіміз атанған мал шаруашылығын дамыту кенже қалып отыр. Еліміздің экономика-сын əртараптандыруда жəне экспорттық мүмкіндіктерін арттыруда нақ осы саланың үлкен əлеуеті іске қосылуы керек. Жалпы, қай мемлекет болмасын, өркендеу, өсу жолында өзінің атакəсібіне басты назар аударып отырады. Бізде төрт түлікті күтіп бағып өсіру, олардың өнімдерін өндіру, өңдеу, ұқсату техно-логиясы басқа елдермен салыстырғанда өзгеше, экологиялық таза, сапалы, өзіндік құны төмен болуы тиіс.

Мал шаруашылығындағы бүгінгі басты мəселе – табиғи жайылымды тиімді пайдалану. Осы бағытта нақты жұмыстар жүргізу, яғни тереңде жатқан жерасты суларының көзін табу қажет. Облыс көлемінде бұл жұмысты жүргізу ғарыштық зерттеулер түсірілімдеріне сүйене отырып шешіледі. Ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологиялар мен озық тəжірибелерді енгізу жəне өнім өңдеу бағытында қолға алынған бағдармалар аз емес.

Дегенмен, оларды жүзеге асыруда саланың алдында тұрған күрделі мəселелерді шешуде жа-сап жатқан істеріміз жеткіліксіз. Өйткені, ауылдың жайын жоғары деңгейдегі басшылар біле бермейді. Малшылармен кездеспейді. Тек қаланың айналасындағы шаруаны көріп, кейін қайтады. Сондықтан, бағдарламалар жергілікті жердің табиғи, экономикалық өзгешеліктері ескерілмей қабылданады. Тағы бір келеңсіз тұс, өзге елдің жарқ еткен жаңалығы мен идеясын көре салып, оны тұтасымен көшіріп алып, өмірге енгіземіз деп ұмтылады. Көбінде опық жегізетіні де осы асығыстық.

Мал бағатын адам жоқ

Бүгінде төрт түлік өсіруге кедергі келтіріп отырған жайдың ең бастысы – мал бағатын адам мен маманның жоқтығы. Жаздың ыстығы мен қыстың аязында мал соңында жүру еріккеннің ермегі емесін, бейнетсіз, зейнет болмайтынын қазіргі жастардың түсінетін кезі жетті. Мал шаруашылығын кадрлармен қамтуға келешегі жоқ ауылдардың жойылуы, бала саны аз деп мектептердің, дəрігерлік бекеттердің жабылуы əсер етеді.

Қазір кейбір шаруашылықтар малшылардың жоқтығынан қиын жағдайға кезігуде. Жекеменшік пен шаруа қожалықтары да Шопан ата түлігін қысы-жазы жайылымда, көз алмай бағуды қажет етпейтін сиыр, жылқы, түйеге алмасты-рып жатыр.

Ал, мал бағуға жастар құлықсыз. Ауыл шаруашылығы мамандары да өз кəсібімен айналысуға ынталы емес. Себебі, бұл саланың еңбекақысы аз, əлеуметтік жағдайы төмен. Ауыл шаруашылығында жалақы бұрын да жоғары болмайтын, қазір одан да төмендеп кетті. Шаруашылықтар өндіріс орындары секілді шопанға айына 150-200 мың теңге бере алмай-ды. Өндірген өнімдері (жүн, тері,т.б.) өтпегесін «қалталары тесік». Ал, мұндай жерге маман тұрақтай ма?

Игерілмей жатқан байлық

Жүн мен тері – қыруар байлық, мал баққан жандардың адал маңдай тері. Ал, шаруагерлер еліміз егемендік алғаннан бері мал терісі мен жүнін пайдаға асыра алмай келеді. Қазір ауыл тұрғындарынан теріні ешкім қабылдамайды. Мал иелері де теріні алмайды деп, оны тауарлық қалыпқа келтірумен айналыспайды, сондықтан сапасы төмен. Біреуі шіріген, екіншісі ойылып кеткен, үшіншісі тұздалмаған деген тəрізді. Ал, мұндай өнімге сұраныс бола ма?

Отандық кəсіпкерлер осы мал өнімін кəдеге асы-руды қолға алып, халықтың көп бөлігі қоныс тепкен ауылдарда, елді мекендерде мал терісін өңдейтін кəсіпорын ашса, ауыл халқын жұмыспен қамтыса нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінде мал терісін халықтан жинап, оны өңдеу орнына өткізетін де кəсіпкер жоқ. Егер бұл мəселені мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы орындар ұйымдастыруға қол ұшын со-зып реттесе, экспорт көлемі артар еді.

Ал, теріні озық технологиясы бар шетелдіктер болымсыз бағаға алып кетіп жатыр. Мəселен, Пəкістан, Түркия тəрізді елдер өздерінде теріні көптеп алып, өңдеп бəсекеге қабілетті сапалы өнім шығарып, бізге қайтадан қымбат бағамен ұсынуда. Қой жүніне қатысты да осыны айтуға болады.Жалпы, ауыл шаруашылығының алдында тұрған күрделі мəселелерді шешуге сала министрлігінің қауқары жетпейтіндігі белгілі болды. Себебі, салалық министрліктер «өз көрпесін өзіне тартады», ортақ мақсатқа жұмылуға ықыластары жоқ.

Ертеде дүниежүзілік соғыстан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге, тың игергенде немесе Қазақстанда қой малы санын 50 миллионға жеткізуді міндеттегенде бүкіл халық атсалысқан жоқ па еді? Сондықтан, туындап отырған өзекті мəселелерді шешуді төтенше жағдай ретінде қарап, арнайы өкіметтің қаулысымен бірнеше сала министрліктерінің басын біріктіріп, берілген тапсырманың орындалуын жіті, мұқият қадағалап отыру қажет сияқты.

Қорадағы азын-аулақ малымен күнелтіп отырған ауыл тұрғындары, отбасынан артылған өнімдерін өткізе алмайды. Осының кесірінен мыса-лы, қолындағы 6-8 сиыры немесе інгенінен тек өзіне қажетті сүт жəне сүт өнімдерін алады. Яғни малдың барлығын саумайды. Ал бойындағы жиналған сүтті уақытында шығармаса, малдың организміне, азықтануына кері əсерін тигізеді. Осылайша, ауыл тұрғындары қолындағы малының пайдасын толық табыс көзіне айналдыра алмай отыр. Бұл мəселе шешілсе, қала, аудан орталықтарында шұбат, қымыз, құрт, ірімшік халыққа қолжетімді болар еді.

Өнімділік деңгейі төмен

Президенттің тапсырмасымен Үкімет ауыл шаруашылығын дамытуға қыруар қаржы бөліп отырғанын айтуға тиіспіз. Десек те осы мемлекеттік қазынадан бөлініп жатқан қомақты қаржы көмегі құмға сіңген су сияқты, нəтижесі көрінбейді. Ал, халқымыз «судың да, сұрауы бар» демей ме?!. Жалпы, бізде əлі нарықтық экономиканың қағидасына қайшы əрекеттен арыла алмай келеміз.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділік деңгейі əлі төмен. Осы себепті өнімнің өзіндік құны жоғары болып, өнімнің бəсекелестік қабілеті төмендейді. Қазір ішкі нарықта сүт, көкөніс, жеміс-жидек өнімдерінің заманауи көшке ілесе алма-уы, ішкі нарықта экспорттық тауарлардың етек алуына жол беріп отыр.

Екіншіден, өңделмеген өнім шикізат ретінде халық сұранысына ие емес. Сондықтан, Президенттің ауыл шаруашылығын дамыту бағытында айтылған тапсырмаларын бірлесіп, абыроймен атқарып, табысты даму жолын одан əрі жалғастырған жөн. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының қуатын бағалап, дұрыс меңзеп отыр деп есептеймін.

Қосыбек ЫРЗАҒАЛИЕВ,

партия жəне шаруашылық ардагері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз