Жаңа жұмыс орындары ашылады

«Amanat» партиясының партиялық тізімі бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сергей Вишняк, Күлпаршын Айдарханова, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Әсел Сарманова және Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Ғалымжан Елеуов «Глобал» ЖШС ұжымымен кездесті.

Кәсіпорын жұмысшылары алдында пар­тия­ның сайлауалды бағдарламасы туралы әңгі­ме­ле­ген Сергей Вишняк жаңа жұмыс орындарын ашу үшін партия қандай шараларды қолға алаты­нына тоқ­талды.

Тұрақты жұмыс орындарын құру – пар­тия­ның басым бағыты. Әр адам өз отбасын асы­рау үшін лайықты табыс табуы керек. Осы мақсатта партия жұмысшылардың еңбек жағ­дайын жақсарту және жұмыс орындарын құру үшін жыл сайын кемінде 300 кәсіпкерлік субъек­тісіне қаржылай қолдау көрсетуге ықпал етеді. Жыл сайын кемінде 22 мың адамды бос жұмысқа орналастыруға жәрдемдесеміз. Сонымен қатар 3,5 мың жұмыссыз адамды кәсіптік оқытудан өткіземіз, – деді кандидат.

Қабылданған шаралар орташа жалақыны 264,2 мың теңгеден 320 мың теңгеге дейін арт­ты­руға мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту мүм­­кіндіктерін арттыру арқылы 105 мың жаңа жұ­мыс орны құрылады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 100 мыңға, ал онда жұ­мыспен қамтылғандар саны 192 мың адамға дейін артады.

Күлпаршын Айдарханова сайлауалды бағ­дар­ламада жастардың мүмкіндігін кеңейтуге кө­мектесетін шаралар бар екенін айтты.

– Партия жастарды жұмыспен қамту және оларды баспанамен қамту мәселесін көтереді. Жыл сайын кемінде 8 мың жасты жұмысқа орналастыруға көмектесеміз. «Жасыл ел» жобасы аясында жастарды уақытша жұмыспен қамту шаралары қолға алынады. Жыл сайын 1 500-ге жуық жас азамат жобаға қатыса алады, – деді ол.

Кездесу барысында сайлаушылар үміт­кер­лер­ге өз сауалдарын қойды. Жалпы, партияның сай­лауалды бағдарламасын әзірлеу кезінде ха­лықтың 200 мыңнан астам ұсыныс-пікірі ескерілген. Бұған дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 55 заң жобасына бастамашылық еткенін атап өткен жөн.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз