
Сайлау
Халық таңдауына жол ашық
Бүгін ел бойынша мәслихат депутаттарынан шығып қалған орындарға қосымша сайлау өтіп жатыр.
Соның ішінде Мақат аудандық мәслихат депутатын сайлау №9 бірмандатты округ пен №213 учаскелік сайлау комиссиясында ұйымдастырылған.
Бұл сайлау — аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына өтіп жатқан саяси науқан.
Аталған учаскеде 1803 сайлаушы тіркелген.
Сайлау — елдегі саяси дода процестерінің заңдылығын, ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі.
Ж.ҚАМЗА
Сурет автордікі
Мақат ауданы


