
Сайлау
Еңбек ардагері сайлауда белсенділік танытты
Исатай ауданы, Қамысқала ауылының қадірменді тұрғыны, еңбек ардагері Әлібек Қаналиев бұл сайлаудың өңір болашағы үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Оның сөзінше, әкім сайлауына қатысу – әр азаматтың өз ауылын өркендетуге және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға қосқан маңызды үлесі. Ол сондай-ақ сайланған әкімнің бағдарламасында көрсетілген бастамаларды жүзеге асырып, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуі қажет екенін айтты.
№128 сайлау учаскесінің төрағасы Парух Қабиевтің айтуынша, ауыл ақсақалы әрбір сайлау науқанына үлкен жауапкершілікпен қарап, үнемі белсенділік танытады және әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс береді екен.
Е.ЗИНЕДЕНОВ
Исатай ауданы


