«САЙЛАУШЫЛАР САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУҒА ТИІС»

whatsapp image 2021 07 25 at 10.53.21 Саясат

Ауыл әкімдерін сайлау кезіндегі тұрғындардың белсенділігі қандай, қауіпсіздігі сақталған ба, санитарлық талаптар орындалып жатыр ма? Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің «Фейсбук» парақшасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

​Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов сағат 10:00-де келіп түскен статистикамен бөлісті. Ол бойынша сайлаушылардың келу үлесі 19,6 пайызды құрап отыр. Оның ішінде, Қызылқоғада — 25,2; Исатайда — 24,6; Индерде — 22,4; Махамбетте — 20,4; Құрманғазыда – 20,3 және Атырау қаласында — 15,1 пайыз. Ал, сайлаушылардың жалпы саны – 44305. Сайлау округтерінің саны – 18.

​Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадыржан Оразғалиев сайлаушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қамту сайлауды ұйымдастырушыларға жүктелетінін атап өтті.

​«Сайлаушылар учаскеге вакцина паспорты немесе ПТР-сынаманың теріс нәтижесі арқылы кіре алады. Сондай-ақ, бір реттік қорғаныш маскаларын тағып, оны әр үш сағат сайын ауыстырып отыру міндеттеледі. Сол секілді, кезекшілікке қойылған медициналық қызметкерлер мен еріктілер антисептикалық және дене қызуын өлшейтін құралдарды пайдалануы керек. Дене қызуы 37-ден аспауы тиіс. Адамдардың арақашықтығы 1,5-2 метр болуы қажет. Қол алысып амандасуға болмайды. Учаскелердің кіреберіс бөлігінде осы және өзге де қауіпсіздік шаралары көрсетілген пайдалы ақпараттар ілінді» деді Қадыржан Мақсотұлы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз