Сайлау: Атырауда байқаушылардың партиялық емес бірлестігі жұмысын бастады

whatsapp image 2021 07 14 at 13.37.08 Сайлау - 2021

Облыс бойынша байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудағы ерекшелік – әкімдерді халықтың өзі сайлайды.

Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне байқаушыларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

  • Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні учаскелерге барып, байқаушы боламын деген кез-келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекен-жайында жүргізіледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз