Патриоттық әндер әуелеген Бесіктінің сайлау учаскесінде белсенділік жоғары

2021 07 25 041153436400 700x425 1 Саясат

Қайыршақты ауылдық округі, Бесікті ауылының тұрғындары да сайлауда белсенділік танытып жатыр, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайыршақты ауылдық округі бойынша 6 сайлау учаскесі бар. Бесікті мектеп-интернатының ғимаратындағы
№65 сайлау учаскесінде 705 сайлаушы тіркелген. Сайлау комиссиясының 9 мүшесі толықтай екпе алған. Атап айтқанда, 5 адам екі компонентті де алса, қалған 2 адам екінші компонентін енді алады. Бұл сайлаушылардың денсаулығын ойлағаннан алынып жатқан шаралар екендігі белгілі. Сайлау комиссиясының төрайымы Лида Көшенованың айтуынша, сайлау учаскесінде қорғаныш құралдары мен арнайы киімдер қамтылған. Сайлау басталғалы 235 адам дауыс беріп үлгерді.

Ал, мәдениет үйінің қызметкерлері учаске сайлаушыларының көңілін көтеріп, әуезді патриоттық әуендермен сүйемелдеп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз