ТОҒЫЗ МЫҢ ЖАН-ЖАНУАР ҮНІ

жинақталған  дыбыс кітапханасы  құрылды

Корнелльский университетінің орнитология факультеті Маколей медиатекасы мұрағатынан құстар мен аңдардың 150 мың үнтаспасын жинақтап, көпшілікке ұсынды.

 

Табиғат дыбысы жинақталған әлем бойынша ең көлемді коллекция  тропикалық орманда жүргендей әсерге бөлейді.

Мұнда 9 мың құс, теңіз жануары мен жәндіктердің жинақталған үндері 7500 сағатқа сыйдырылған. Аталмыш орынның медиатека кураторы Грег Баднидің сөзінше, мұрағаттың жинақталып, көпшілікке ұсынылуынан адамдар құлақтарын табиғат дыбысына үйретеді екен. Мамандардың айтуынша, бұл адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырса керек.

Өз  тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз