«Тас кешу» керуен сарайы

 «Тас кешу» керуен сарайы – Атырау облысы, Мақат ауданында орналасқан археологиялық ескерткіштердің бірегейі. Ол ең алғаш ХIХ ғасырдың басында В.И.Левшин экспедициясы кезінде анықталған, одан кейін басқа да экспедициялар керуен сарайға зерттеу жасағанымен, қазба жұмыстары жүргізілмеген.

  2008-2010 жылдар аралығында ғана Атырау облыстық тарих және археология орталығы қазба жұмыстарын жүргізіп, игі нәтижелерге ие болса, 2012 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері экспедиция ұйымдастырып, ата-баба мұрасындай болған ескерткіштің сәулеттік құрылысын анықтап, жаңа жобасын жасады.
«Тас кешу» – «Ескі Ноғай жолы» деген атпен орта ғасырда қарқынды дамыған, Сарайшық қаласынан басталатын жол бойындағы алғашқы керуен сарай болып есептеледі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз