ҮШ НӘРСЕНІҢ ҚАДІРІН БІЛ!

Қазір балалар үйден шықпайды, таза ауамен тыныстамайды. Баққандары қолдарындағы ұялы телефондары, компьютер мен ноутбуктары, солар арқылы ғаламторды шарлау...

 

 Шыны керек, қазіргі үлкен-кіші бірдей ғаламның торына шырмалып, соған тәуелді болып алды. Бұның адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар, кім білсін. Өз заманында Абай атамыз адам баласының үш нәрсенің қадіріне жетіп, бағалай алмайтынын айтып кеткен екен. Олар – жастық шақ, алтын уақыт және денсаулық. Мен де ата сөзін қазіргі жастарға тағы бір қайталағанды жөн деп шештім. Алтын уақытқа қоса саулықтарыңды сақтай біліңдер, айналайындар. Өмірде бұдан да басқа биік мақсаттар мен зор істер бар, соған жетуге тырысыңдар!

Ерлан ТІЛЕКҚАБЫЛ,

Атырау қаласы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз