Сенімнің нығаюыимамдарға байланысты

Жақында аймақ зиялыларының басын қосқан  облыстық ғылыми-практикалық семинар өтіп, ол «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбына арналды. Семинарда тұтастықты сақтау, тарихи дініміздің құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру, мәдениет пен дәстүрді жаңғырту жайында кеңінен сөз болды.

Жиын барысында «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров дінді насихаттаудахалықпен тығыз жұмыс жасайтын имамдарға көп нәрсе байланысты екендігін айтты. «Тарихымызға зер салсақ, имам қашан да бірліктің ұйытқысы болған. Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз деп айтуға болады. Шүкіршілік, егемендігіміздің арқасында діндар қауымының да мәртебесі артып келеді. Бүгінгі семинардың мақсаты – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің заманауи білімін жетілдіру, ақпараттық – насихат тобының кәсібилігін шыңдау және зайырлы қоғамдағы діннің рөлі жайында айту болып табылады. Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата діні – исламды саналы түрде жүрек қалауымен қабылдады. Байтақ даланың тұрғындары рухани негіздерін исламнан тауып, діннің адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды байыта түсті», – деді ол.

 

(Толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз