САРАЙШЫҚ СЫРЫ – ТЕРЕҢДЕ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультеті «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай-қорығына экскурсиялық саяхат ұйымдастырды. 

Экскурсия барысында ең алдымен мұражай қорығының жанындағы жеті ханға тұрғызылған ескерткіш монументіне тағзым еттік. Мұражайдың кіреберісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сарайшыққа сапары кезіндегі суреті мен қолтаңбасы қойылыпты. Бізді мұражай қызметкері жәдігерлермен таныстырып, оның әрқайсысының құндылығы жөнінде тереңнен толғады. Мұражай ортасында ежелгі Сарайшық қаласының шағын ғана макеті орналасқан және әйел адамдардың әшекей бұйымдары, ескі монеталар, ежелгі моншаның қыш құбырлары да төрден орын алыпты. Мұндағы әрбір тарихи экспонат өзіндік бір сыр шертіп тұрғандай әсер қалдырды.

Арайлым ҚАЛЫМЖАНОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің
І курс студенті.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз