Жас отбасылар жарысы

op Қоғам

Атыраулық жас отбасылардың қатысуымен «Отбасы – бақыт мекені» атты форум ұйымдастырылды. Шара облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен өтті.

оп

Жас отау иелері «APEC Petrotechnic» жоғары техникалық колледжінде бас қосты. Олар бес кезең бойынша өнер көрсетті. Араларында Есмұханов, Нұржанов, Қабдолов, Жаңабаев, Демеуовтер және басқа да отбасылар бар.

– Соңғы кездері 15 сәуір күні Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні аталып өтеді. Бұл кәдімгі игі дәстүрге айналды. Сол секілді, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеп, мән-маңызын арттыруда отбасылар форумының да алар орны ерекше, – дейді олар.

Шара соңында жас отбасылар «Өнерлі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Заманауи отбасы», «Көрермен көзайымы», «Білімді отбасы» аталымдары бойынша марапатталады. Барлық қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Самал

    Өз басым өте жақсы ұйымдастырылған шара деп санаймын, қазіргі таңда жастар арасында ажырасулар өте көп болып кетті, осындай шаралар жанұяны біріктіре түседі деп санаймын.

  2. ainaw

    Очень радует, что данные мероприятия проходят в нашей стране. Семейная политика в наше время нуждается в поддержке.