Одағы басқармасы. АДАЛДЫҒЫНАН АЙНЫМАҒАН АЗАМАТ

Аға ұзақ жылдар бойы Алматыда тұрса да, өзінің туған жері – Атырау өңіріне, Мақатқа әрдайым сағынып келетін. 2010 жылдың қазан айында Атырауға келгенінде Мақат ауданының мәдени күндері өтіп жатыр еді. Сол үш-төрт сағаттық жүздесуінде жерлестерімен шүйіркелесіп, ұзақ әңгімелесіп еді. Алдағы жылдары мұнайлы өңірге келетін жоспарлары барын айтып, ойларымен бөліскен болатын. Сол соңғы келуі екенін кім білген...

Сәтімжан ағаның алдағы жылдарға жоспарлары, әлі де жазатындары бар еді. Оларды орындауға, әттең, уақыты жетпей қалды. Тағдыр ісіне не шара? 
Жақсы аға, жаныңыз жаннатта болғай! Света жеңгемізге, ұл-қыздарына, ағайын-туыстарына мақаттықтар атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Орақ ДЕҢГЕЛБАЕВ,
Мақат ауданының құрметті азаматы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз