«МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕКПЕН»

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының мұрындық болуымен Атырау қаласындағы ірі сауда орталықтарында «Мейірімді жүрекпен» қайырымдылық қоры  ашылған болатын. Аталмыш қор жұмысын бастағаннан бері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға түрлі көмектер көрсетіліп келеді.

 

Мәселен, жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Ғабдуллин бастаған мекеме қызметкерлері мен бір топ партия мүшесі «Дина» сауда орнындағы қайырымдылық көрсету орталығына жаңа және киілген, таза киім-кешектерді табыстаған еді. Бұл игілікті іс жалғасын тауып, Жаңа жыл мерекесіне орай да көп балалы және аз қамтылған отбасыларға Атырау қаласы тұрғындарынан жинақталған киім-кешектерді таратты.

«Бүгін балаларымның қуанышында шек жоқ. Әдемі, әрі жылы киімдерін алып, жаңажылдық керемет кештің куәсі болды. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», – дейді көп балалы ана Гүлмира Отарова.

Ал, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Дулат Хамзин алдағы уақытта орталықтың атқаратын қызметіне сәйкес, мейірімді жандардың орталыққа  табыстаған   киім-кешектерін жинақтап, жағдайы төмен отбасыларға  тарату шаралары жалғасын табатынын айтады.

Р.ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз