МӘДЕНИЕТТІЛІКТІ ҮЙРЕНЕТІН КЕЗ КЕЛДІ

Қаламызда су жаңа автобустардың пайда болғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Олардың сыртынан қарасаң да, ішіне енсең де жаның сүйінеді. Астанада болғанымда сондай қоғамдық көліктердің ішінде мұнтаздай киінген ақша жинаушы адамдардың жүретінін байқаған едім. Осыдан кейін сол үрдісті біздің Атырауға енгізсе, жақсы болар еді-ау деп ойладым.

Расында да, ақша жинап, билет берушілер әр жыл мезгілінің өзіне тән киім үлгісімен  жүрсе, жолаушыларға да, өздеріне де жақсы ғой. Әйтпесе, біздің билет берушілер қыс болса, қабат-қабат киім киіп, бөкселерін түбіт орамалмен орап алады. Әрі-беріден соң  онысы аяқтарына дейін түсіп, ақша жинағанда ыңғайсыздық тудырып, шұбатылып жүргендері. Осы мәселеге жолаушылар көлігі қызметімен тікелей айналысатын басшылар ден қойса деймін. 

З.ЖАНҒОЖАҚЫЗЫ,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз