КӨҢІЛ КӨҢІЛДЕН СУ ІШЕДІ

Бұл өмірде адамға ең керегі көңіл деп білемін. Себебі, жасы ұлғайған жан ешкімнен бағалы нәрсе, болмаса дастарханына тамақ сұрамайды. Осы жасқа келгенше талай басшының алдында, талай беделді мекемеде болып келеміз. Шынында, олардың келген кісіні қабылдауы, сөйлесуі әртүрлі. Бірі қолындағы билігіне сүйеніп, немқұрайылық танытса, бірі ұзақ жыл жүздеспеген ата-әжесін көргендей алдыңда құрақ ұшады.

 

Мен «КТК» компаниясына жеке шаруаммен барып, ондағы өрімдей жас қыз-жігіттер мен басшылық қызметтегі азаматтардың келген кісіні қабылдау, әңгімелесу мәдениетіне таң-тамаша қалдым. Неткен сыпайылық, неткен адамгершілік десеңші. Өзге ұжымда еңбек ететін мамандар осындай өнегелі жандардан үлгі алулары керек деп ойлаймын.

Сәния САРТАЕВА,

ардагер мұнайшы,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз