Кеңшілік Тышхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы: «ОРТАҚ ҮН ҚАТЫСУҒА ЖОЛ АШТЫ»

Әр дін өкілі өзінің өмір сүріп отырған территориясының белді тұлғасы, көсемі болып табылады. Демек, дін өкілдерінің белгілі бір тақырыпта баяндама жасап, ортақ мүддеге тоғысуының өзін үлкен бір нәтиже деп санауға болады.

 

Әрине, алғашқы жылдармен салыстырғанда әлемде үнқатысу, диалогқа келу деген мәселелер бірін-бірі жатырқамайтын деңгейге жетті. Дегенмен, сырттай бір-біріне төзе алмаушылық, алалаушылық, діни ұстанымдарына байланысты кемсітушілік деген мәселелер әлі де болса қоғамда бар. Съезд жұмысы осы тақырыптарға кеңінен бойлап, нақты ұсыныстарды ортаға салады деп ойлаймын.

Сұхбаттасқан Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

(Арнайы «Атырау» газеті үшін).

Астана.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз