ЕРКІНБЕК ШОҚАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: ЫНТЫМАҚ ҚАНА ЫРЫСҚА БАСТАЙДЫ

- Талассыз жеңісіміз – елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылық. Және сол игілік арқылы мүмкін болып отырған саяси-экономикалық даму. Діндер арасындағы татулықты да атап өту керек. Бүгінде әр азаматтың болашақтан зор үміті бар. Себебі, олардың отбасын құруына, оны асырауына, балаға білім беріп, азамат етуіне мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Осы тұрғыдан алғанда,  азаматтарымыздың мемлекетке, оның саясатына деген сенімінің жоғары екендігін айтуға болады.

 

– Елдігімізді баянды ету үшін тағы не істеу керек? Осынау үлкен сұраққа жауап біреу-ақ. Біз қазіргі таңда қалыптасқан ұлттар татулығы, дінаралық келісім, қоғамдық тұрақтылық мәселелерінен ажырап қалмауға, керісінше, оны нығайтуға тиіспіз. Себебі, бейбіт өмір, қоғамның тыныштығы бар жерде экономикалық даму да, демографиялық өсу де болады. Сәйкесінше, еліміздегі тұрақтылық арқылы тәуелсіздігіміз баянды болмақ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз