ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

Жуырда облыстық газет бетінен белгілі домбырашы, аяулы азамат Ғибатолла Мәсәлімов туралы мақаланы оқып, балалық, жастық шағым есіме түсті. Ол кезде біз алтыншы сыныпта оқимыз. Ол бізге ботаника пәнінен сабақ берді. «Ауыл клубында, мектеп сахнасында концерт болады екен» дегенде елеңдеп, бар шаруамызды жиып қойып, сонда барамыз.

 

Бірде Қамысқала клубында өткен Ғибатолла аға кешінің көрермені болдым. Күйші ағаның домбыра ұстағаны, қағысы қандай! Оның орындаған күйлерін естігенде, бір орында отыра алмай, өз-өзімізден теңселіп кетуші едік. Бала кезімде Ғибатолла аға, Әзидолла Есқалиев, Уәлихан Сәрсенғалиев, оның інісі Сапи, Иммат Марданов, Зұлпыхар Таммаев, Нариман Үлкенбаев, Ғатау Ибішевтерді көре қалғаннан ба, әлде солардай болсам деген ойдан ба – мен де домбыра тартуға әуес болдым. Кейін Махамбет ауданының домбыра оркестрі құрамында өнер көрсетіп жүрдім.

Иә, «Ел іші – өнер кеніші» деген осы. Қанша уақыт өтсе де, өнерімен елін сүйсіндірген тұлғалар естен кетпейді. Мен де ұстазымды сағына еске ала отырып, оның 90 жылдық мерейтойының облыс шеңберінде аталып өтуін қалаймын. Тірі  жүргендерге марқұмның аруағы разы болсын.

 

Сатыбай ЫСҚАҚҰЛЫ, зейнеткер, Алмалы ауылы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз